Қазақстанда туберкулёздің алдын алу айлығы аяқталды
2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасында халықтың хабардарлығын арттыруға, ауруды ерте анықтауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды туберкулёздің алдын алу айлығы өтті.
Айлық аясында еліміз бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, ғылыми-практикалық конференциялар, дәрістер мен халықпен, жастармен және медицина қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Өткізілген кезең ішінде:
- 134 мыңнан астам адам ақпараттық жұмыстармен қамтылды;
- 21 мыңнан астам дәріс пен әңгіме өткізілді;
- 300 мыңнан астам оқушы мен студент іс-шараларға қатысты;
- 25 мыңнан астам медицина қызметкері оқытудан өтті.
Жастармен жұмысқа, сондай-ақ профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіруге және емге бейілділікті арттыруға ерекше назар аударылды.
Халықаралық «Туберкулёзге қарсы әлемді жарықтандыр» акциясы аясында еліміздің 8 қаласындағы маңызды нысандар қызыл түспен жарықтандырылып, бұл дертке қарсы күрестегі ынтымақтастықтың белгісі болды.
Өткізілген айлық туберкулёздің алдын алуда кешенді тәсілдің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, қоғамдық денсаулықты нығайтуға елеулі үлес қосты.