Алматы: 2025 жыл бойынша туберкулёзге қатысты жаңа деректер
Алматыда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында саладағы жетекші сарапшылар 2025 жылдағы қызмет қорытындыларын ұсынып, алдағы жылдарға арналған даму басымдықтарын белгіледі.
2025 жыл бойынша ҚР негізгі нәтижелері:
- Сырқаттанушылық 9,9%-ға төмендеді: 100 мың халыққа шаққанда 30,1 жағдайға дейін;
- Таралу көрсеткіші 12,8%-ға төмендеді: 100 мың халыққа шаққанда 38,9 жағдайға дейін;
- Өлім-жітім 10%-ға төмендеді: 100 мың халыққа шаққанда 0,9 жағдайға дейін;
- Балалар арасындағы сырқаттану 11,8%-ға төмендеді: 100 мың халыққа шаққанда 7,5 жағдайға дейін;
- 2025 жылы балалар арасында туберкулёз дертінен қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ
- 10 жыл ішінде елдегі өлім-жітім 5 есе, ал таралу көрсеткіші 2,5 есе азайды.
Алматы қ. көрсеткіштері тұрақты оң динамиканы көрсетеді:
- 10 жылда аурушаңдық 60%-ға төмендеді;
- Өлім-жітім 82%-ға төмендеді;
- 2025 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 18 жағдайды құрады.
Емдеуге инновациялар енгізілді:
- Халықаралық стандарттарға толық көшу
- Инъекциялық препараттардан бас тарту
- ДТТ-ТБ емдеу мерзімін 24 айдан 6–9 айға дейін қысқарту
- GeneXpert жедел диагностикасы - нәтиже 2 сағатта
- Толықгеномдық секвенирлеуді енгізу
Алдын алу шаралары:
Жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен қамту - 96%-дан жоғары (бұл ДДҰ стандартынан жоғары). Вакцина алған балалар 15 есе сирек ауырады.

ҮЕҰ мен Жаһандық қордың қолдауы маңызды рөл атқарады. 2026 жылдан бастап зертханалық диагностиканы дамытуға, ЖИ енгізуге және стигмамен күресуге 6,23 млн доллар көлеміндегі жаңа грант іске қосылады.
Сарапшылар атап өтеді: туберкулёз ерте анықталса толық емделеді, ал Қазақстан END TB стратегиясының мақсаттарына - 2035 жылға қарай ауруды қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі ретінде жоюға - жүйелі түрде жақындап келеді.
#Туберкулез #ENDTB #ННЦФ #МЗРК #Алматы #WorldTBDay