ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды.

24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған бір айлық науқан жүреді. Бұл – туберкулез дерті, оның алдын алу және дер кезінде емдеудің маңызы туралы елді құлағдар ету үшін күш біріктіретін кез.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы стратегиясының  2025 жылғы ұраны: «Иә! Біз туберкулёзді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мемлекеттің саяси қолдауының арқасында Қазақстанда туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын, сонымен бірге туберкулезбен күрес бойынша  міндеттемелерді орындау үшін, денсаулық сақтау саласының түйткілді дертін жоюда табысқа жету үшін қоғам күш біріктіруі, туберкулезбен күресте барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.

Туберкулез – ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез дер кезінде анықталып, дұрыс емделсе, толық емделеді. Туберкулезден айыққан адамдар оқуға, жұмыс істеуге, дені сау балаларды дүниеге әкелуге және басқаларға қауіп төндірмей толыққанды өмір сүруге қабілетті.

Қазақстандағы ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша жобаларды іске асыру тобының менеджері Шахимұрат Исмаилов туберкулезді ерте анықтау және сәтті емдеуге халықтың туберкулез туралы жалпы хабардар болғаны және жаңсақ пікірлердің таралмағаны үлкен үлес қосатынын айтты.

Айлық барысында республика бойынша фтизиатр, пульмонолог, фтизиопедиатр, эпидемиолог және инфекционист мамандардың қатысуымен ақпараттық науқандар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шара өткізіледі. Сондай-ақ халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттыру, денсаулықты жақсарту мақсатында ауқымды науқандар ұйымдастырылады.

Еліміздегі туберкулез індетін жоюға әрқайсымыз үлес қоса аламыз.

Туберкулез, оның алдын алу және емдеу туралы ақпаратты достарыңызға және отбасыңызға таратып, белсенді болыңыз!

Тексеруден өтіңіз! Туберкулезбен күреске белсене қатысыңыз!

Сіздің кішкентай үлесіңіз – ортақ үлкен жетістігіміз!

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)