ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Ұлттық серіктестігін дамыту аясында «Қазақстан Республикасында туберкулез ауыртпалығын азайтудағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді қамту» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған тренинг өтіп жатыр.

2024 жылғы 23 мамырда Алматы қаласында CТОП ТБ/ЮНОПС Серіктестігінің «Көпжақты серіктестік арқылы ТБ-ға қарсы шараларды күшейту» грант жобасы және «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігін дамыту аясында «Қазақстан Республикасында туберкулез ауыртпалығын азайтудағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді қамту» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған тренинг өтіп жатыр.

Тренингке денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік маңызы жоғары аурулар мәселелерін көтеріп жүрген журналистер мен жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшылары қатысуда. 

Тренингтің мақсаты – елдегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайына оң әсер ететін туберкулез туралы ақпарат материалдарының тиімділігі мен көрнекілігін көтеру, Қазақстан Республикасында туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша туберкулезге қарсы бағдарлама серіктестері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту және «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» серіктестігін дамыту.

Тренингтің мақсаттары:

  • Журналистерге, Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарының баспасөз хатшыларына туберкулездің алдын алу мен күресудегі жаңа тәсілдер мен жетістіктер туралы, туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту бағдарламалары және оларды жеңу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулез туралы тақырыптарды, әсіресе туберкулезге қарсы бағдарламадағы реформалар мен парадигмаларды өзгерту кезеңінде жариялаудың озық тәжірибесін ұсыну.
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)