ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізіліп, олардың тиімділігі бағаланды

2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізіліп, олардың тиімділігі бағаланды.

Іссапар аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ҰФҒО) және Жаһандық қор грантын іске асыру тобының (ГҚ ЖІТ) мамандары өңірдегі медициналық және әлеуметтік ұйымдарды (9 ұйым) аралап, туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бағытындағы жұмыстарды бағалады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетті.

2026 жылғы 22 мамырда Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының базасында қорытынды кеңес өтті. Жиын Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Губайдуллинаның төрағалығымен ұйымдастырылып, оған ҚР ҰФҒО директоры М.М. Аденов, ГҚ ЖІТ менеджері Ш.Ш. Исмаилов, республикалық және облыстық деңгейдегі мамандар қатысты.

Кеңес барысында туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері қаралып, саланы одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)