«Туберкулезді емдеудің қысқа жолдары: заманауи тәсілдер мен ем тағайындау алгоритмдері» екікүндік тренингі

22 сәуірде Алматы қаласында «Туберкулезді емдеудің қысқа жолдары: заманауи тәсілдер мен ем тағайындау алгоритмдері» тақырыбында 2 күндік тренинг басталды. Оқуды ҚР ҰФҒО Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасы аясында, «Денсаулық жолындағы Серіктестер» мамандарының, Орталық Азиядағы «KNCV» қкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР ҰФҒО директоры М.Әденов, ЖҚ ЖІАТ менеджері Ш.Исмайылов, АҚШ Гарвард медицина мектебінің өкілі, «Денсаулық жолындағы Серіктестер» ұйымының денсаулық сақтау және саясат жөніндегі бас кеңесшісі Майкл Рич, «Денсаулық жолындағы Серіктестердің» кеңесшісі Мерида Кармона, сондай-ақ Қазақстанның 17 өңіріндегі облыстық/қалалық фтизиопульмонология орталықтары басшыларының орынбасарлары, ОДКК төрағалары қатысып жатыр.
Тренингтің негізгі мақсаты – ДТ ТБ ауыратын науқастарды емдеуде емделушіге бағытталған, қысқартылған емдеу режимдерін кеңейту үшін аймақтық командалардың әлеуетін күшейту. Тренингке қатысушылар ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес ДТ ТБ емдеудің жаңа мүмкіндіктерімен және заманауи тәсілдерімен, елдің 3 пилоттық аймағында сынақтан өтіп жатқан BPal режимін жедел зерттеудің аралық нәтижелерімен және халықаралық клиникалық зерттеулердің негізгі нәтижелерінің салыстырмалы талдауымен танысады. Тренинг интерактивті режимде талқылау, ситуациялық мәселелерді шешу, сұрақ-жауап сессиялары түрінде өтеді.