ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Түркістан облысындағы мамандар үшін туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық басқару бойынша тренинг өтті

2023 жылдың 15 тамызы мен 18 тамызы аралығында Жаһандық қордың туберкулезге қарсы компоненті бойынша грант жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында «Туберкулезді жұқтыру жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» атты тренинг өтті.

Туберкулез дүние жүзінде денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып қалып отыр. Тұрақты даму мақсаттарында анықталғандай туберкулез індетін тоқтату үшін туберкулез инфекциясын (ТБ) дұрыс диагностикалау және емдеу өте маңызды.

Тренингке Түркістан облысынан 51 маман: АМСК, ОФО желісінің басшылары, сонымен қатар фтизиатрлар, АМСК педиатрлары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жаттықтырушылар Төлепова Г.Е. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ дәрілік заттардың қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жөніндегі кеңесші), Ғалиева Қ.Б. (ҚР ҰФҒО қабылдау-кеңес беру бөлімінің басшысы), Сарыпбекова Д.М. (облыстық ТБ үйлестірушісі) қатысушыларды туберкулезге шалдығу қаупі жоғары адамдарда ТИ басқару бойынша ДДСҰ-ның дәлелді ұсынымдарымен таныстырды. Тренинг интерактивті форматта өтті. Тәжірибе сабақтары барысында қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салып, туберкулездің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау бойынша дағдыларын жетілдіре алды.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыға Қазақстан Республикасы ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының сертификаттары табыс етілді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)