ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Туберкулез жұқтыру жағдайларын анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грантын іске асыру шеңберінде өңірлерде «Туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы тренингтер циклі жалғасуда.

2023 жылдың 17-20 шілде аралығында Петропавл қаласында осы тақырып бойынша тренинг өтті. Туберкулез инфекциясын (ТБИ) анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысынан 50 маман оқытылды. Қатысушылар қатарында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, СЭБД, АМСК басшылары, қала/аудандардың фтизиатрлары, ҚАЖД эпидемиологтары, ҮЕҰ өкілдері болды.

Жаттықтырушылар: Ерімбетов Қ.Д. ( м.ғ.д., ҚР ҰФҒО профессоры), Чункаева Д.Д. (ТБИ бойынша ұлттық кеңесші) және Турленова А.Н. (ТБИ бойынша аймақтық үйлестіруші).

Тренинг барысында қатысушылар әлемдегі туберкулез және ТБИ жағдайы, дәлелдемелік база және ТБИ-ді анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша ДДСҰ ұсынымдары туралы ең өзекті ақпаратты алды. Тәжірибелік сабақтар барысында туберкулезге шалдығу қаупі жоғары халықтың осал топтары арасында скринингті ұйымдастыру мен жүргізудің маңызды аспектілері, сондай-ақ ТБИ-мен ауыратын адамдарды скринингтік тексеру және емдеумен қамтуды жақсарту мүмкіндіктері талқыланды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)