ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе қаласында серіктестермен өткен адвокациялық кездесуде СТОП ТБ аймақтық серіктестігінің жетістіктері мен мүмкіндіктері талқыланды.

2026 жылдың 20 қарашасында Ақтөбеде «Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» Ұлттық Серіктестігін кеңейту және Ақтөбе облысында туберкулез ауыртпалығын азайтуға азаматтық қоғамның қатысуын күшейту мақсатында адвокациялық кездесу өтті. Бұл кездесу фтизиатрия қызметін дамыту Жол картасын және 2026-2028 жылдарға арналған Жаһандық қордың туберкулезге қарсы грант жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге ҚР ҰФҒО, Жаһандық қордың ЖІАТ өкілдері, сондай-ақ облыстық әкімдіктің, ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, фтизиопульмонология орталығының, АИТВ алдын алу орталығының, психикалық денсаулық орталығының және Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары басшылары мен мамандары және онлайн форматта өзге аймақтардың  мүдделі мекемелері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар СТОП ТБ  Ұлттық Серіктестігінің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері туралы білді, елдегі және аймақтағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы туралы (2015 жылмен салыстырғанда Ақтөбе облысында туберкулездің таралуы 2026 жылы 2,7 есеге, ал туберкулезден болатын өлім-жітім 14 есеге төмендеді), Қазақстандағы туберкулез саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі және Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен әлеуметтік гранттарды бөлуге қатысты нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер жайлы хабардар болды.

Жалпы пікірталаста туберкулезбен ауыратын науқастарды ай сайын әлеуметтік қолдаудың басым мәселелері мен келесі қадамдары, жаңартылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  тетіктері арқылы үкіметтік емес ұйымдардың туберкулезге қарсы іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру проблемалары және Ақтөбе облысында туберкулезді қоғамдық денсаулық сақтаудың проблемасы ретінде жою бойынша мақсаттарға жетудегі мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау ұйымдары және азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттесудің тиімділігін бақылау және бағалауды қоса алғанда, «СТОП ТБ» серіктестігінің аймақтық жоспарын әзірлеу және енгізумен байланысты өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары қарастырылды.

#жеергіліктібюджеттенҮЕҰ-ғагрант #туберкулез #туберкулеземделеді

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)