Жетісу облысының ТБ саласындағы мамандарына арналған тренинг
2023 жылдың 12-15 қыркүйегі аралығында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру шеңберінде Талдықорған қаласында «Туберкулезді жұқтыру жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинті ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ дәрілік заттардың қауіпсіздігінің белсенді мониторингі бойынша кеңесшісі Г Төлепова, ҚР ҰФҒО ӨТБ -3 меңгерушісі М Жапарқұлова, аймақтық ТИ бойынша үйлестіруші Д. Көпбосынова өткізді.
Тренингте туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасының басым бағыттарының бірі End TB стратегиясының мақсатына сәйкес профилактикалық емдеу ауқымын кеңейту екені ерекше атап өтілді. Осыған байланысты туберкулез инфекциясы (ТИ) бар адамдарға көмек көрсету каскадындағы туберкулез жұқтыру ықтималдығы жоғары ең осал топтарды анықтау, олардың арасында диагностикалық тестілеуді жүргізу және белсенді туберкулездің алдын алу үшін тиісті емдеумен қамтамасыз ету секілді негізгі тәсілдер жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ ТНҰТ және «Дамумед» ақпараттық жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің жаңаруын ескере отырып, ТИ істерін тіркеу және мониторинг жасау мәселелеріне назар аударылды.
Тренингке ОФО, СЭБД, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының, АМСК мекемелерінің басшылары және алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары қатыысты.
Іс-шараның соңында барлық қатысушыға ҚР ҰФҒО тренингтен өткені туралы сертификаты табысталды.