«ҚФҚ» ҮЕҰ өткізетін STOP TB Серіктестігінің гранттары аясындағы жедел зерттеулер

2025 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында «Қазақстан фтизиопульмонологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігінің ұйымдастыруымен офлайн және онлайн форматта «STOP TB серіктестігінің гранттары аясындағы жедел зерттеулердің нәтижелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР ҰФҒО, ЕҮК, ЖҚ ЖІАТ, PAS орталығы (Молдова), Қазақстандағы KNCV өкілдігі, «АИТВ-мен өмір сүретін жандар ҚазОдағы» ЗТБғ «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҚБ, «MAD Consulting», ҚҚ, «Community friends» және ТБ мен АИТВ саласындағы жергілікті ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Қатысушыларға ҚР ҰФҒО және PAS орталығының қолдауымен «АИТВ-мен өмір сүретін жандар ҚазОдағы» және «ҚФҚ» ҚБ жүзеге асырған «Туберкулезбен ауыратын адамдарға стигма индексін бағалау» және «Туберкулез бойынша халықтың түйткілді және осал топтарының санын бағалау» атты 2 жедел зерттеудің нәтижелері ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушылар STOP TB Partnership гранты аясында ұлттық кеңесшілер әзірлеген жаңартылған «Қоғамдастық, құқықтар, гендер» Ұлттық жоспарын (ҚҚГ) талқылауға белсенді қатысты.
Жалпы отырыс күн тәртібіндегі әрбір мәселеге қызу қызығушылық жағдайында өтті. Әрбір спикер мен жедел зерттеуді орындаушының баяндамасынан кейін сұрақ-жауап форматында талқылау болды. ҰТБ өкілдері мен негізгі серіктестері осындай зерттеулерді жалғастырудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, туберкулезбен байланысты стигма индикаторын төмендету үшін тиімді іс-әрекеттерді қолға алу үшін, сондай ақ халықтың ең осал топтарының арасында (мигранттар, басапансыздар, нашақорлыққа, маскүнемдікке шалдыққандар, сотталғандар, қант диабетіне шалдыққандар) END TB стратегиясы көздеген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асырудың қажеттігін атап өтті.