ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Еуро ДДCҰ Миссиясының Қазақстанға сапары

2024 жылдың 19 тамызында ҚР ҰФҒО-да ДДСҰ Еуропалық аймақ Кеңсесінің (EuroWHO) Миссиясы жұмысын бастады. Еуро ДДСҰ миссиясы сапарының мақсаты – ҚР ДСМ Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламасының ұлттық және аймақтық деңгейде соңғы 5 жылдағы әртүрлі жақтарын (іс-шараларды үйлестіру, қаржыландыру, кадр ресурстары, ТБ, ДТ ТБ, АИТВ/ТБ, ТБ инфекциясын диагностикалау және емдеу, оның ішінде пенитенциарлық жүйеде диагностикалау және емдеу, ҮЕҰ мен қауымдастықтарды тарту, ғылыми зерттеулер) енгізу және іске асыру барысына шолу жасау және бағалау.  Еуро ДДСҰ миссиясының сапары аяқталғаннан кейін ҚР-да туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі  ұсынымдар ұсынылатын болады.

Еуро ДДСҰ Миссиясының өкілдерінің құрамына:

  1. Д-р Асқар Еділбаев – Туберкулез және дәріге төзімді туберкулез бойынша аймақтық кеңесші, Еуро ДДСҰ, Копенгаген, Дания (Шолу Миссиясының жетекшісі);
  2. Д-р Андрей Мошняга – аймақтық кеңесші, нәтижеге жету үшін елдер мен қауымдастықтарды қолдау. Туберкулезді тоқтату жөніндегі жаһандық серіктестік хатшылығы, Женева, Швейцария (Шолу миссиясының тең жетекшісі);
  3. Д-р Саехат Хасанова – Туберкулез бағдарламасының техникалық маманы, Еуро ДДСҰ, Копенгаген, Дания (Шолу миссиясының үйлестірушісі);
  4. Д-р Алексей Коробицын – ДДСҰ, Жаһандық туберкулез бағдарламасының техникалық маманы, Женева, Швейцария;
  5. Д-р Михаил Волик – Еуро ДДСҰ кеңесшісі, туберкулез бойынша сарапшы, Ташкент, Өзбекстан;
  6. Д-р Дарья Подлекарева – Еуро ДДСҰ кеңесшісі, Биспебьерг университеті ауруханасының респираторлық медицина және жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкері, Копенгаген, Дания;
  7. Д-р Армен Айрапетян – «Туберкулезді тоқтату» Серіктестігінің кеңесшісі, туберкулез және денсаулық сақтау жүйесі бойынша сарапшы, Ереван, Армения;
  8. Светлана Долту  «Туберкулезді тоқтату» Серіктестігінің кеңесшісі, туберкулезге қарсы сарапшы, AFI (Act for Involvement) ҮЕҰ директоры, Молдова;
  9. Кристина Селан «Туберкулезді тоқтату» Серіктестігінің кеңесшісі, Денсаулық сақтау саласындағы саясат және зерттеулер орталығының бағдарламалық үйлестірушісі, Кишинёв, Молдова.

Миссияның мақсаты: Қазақстанның туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен міндеттер аясында туберкулезге қарсы күрестегі ілгерілеуді қарастыру және бағалау.

Миссияның негізгі мақсаттары:

  • Туберкулездің эпидемиологиясын және оның детерминанттарын бағалау;
  • Туберкулезбен байланысты ұлттық іс-шараларға қатысты денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек жүйесін бағалау: менеджмент, әлеуметтік көмек, қаржыландыру, адам ресурстары, фармацевтика және медициналық өнімдер, диагностикалық желі, технология және қадағалау жүйесі;
  • Туберкулезге қарсы ұлттық стратегияда жоспарланған стратегиялық шаралардың орындалуын және олардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі ілгерілеуді бағалау;
  • Интервенциялардың этикаға, әділеттілікке және туберкулезден зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғауға негізделгенін бағалау;
  • Басқа мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін және қатысуын бағалау, соның ішінде. денсаулық сақтаудың басқа бағдарламалары, басқа секторлар, азаматтық қоғам ұйымдары және зардап шеккен қауымдастықтар;
  • Кеңейтілуі мүмкін озық тәжірибелерді және шешілуі тиіс кедергілерді анықтау.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуро миссиясының сапарының соңында Қазақстан Республикасындағы туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімділігін арттыру шаралары анықталатын болады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)