ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматыда туберкулезге қарсы препараттарға жыл сайынғы сұранысты анықтауға арналған семинар–жиын өтті

2023 жылдың 3  мен 5 шілдесі аралығында ЖҚ «Туберкулез» компоненті бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жаһандық Қор гранты жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы препараттарға (ТҚП) жылдық сұранысты қалыптастырудың өзекті мәселелері» атты   семинар-жиналысы болды. Бұл  тұңғыш рет  облыстық  ОДКК төрағалары мен  дәрі үйлестірушілерінің  қатынасуымен орталық деңгейде өткізілді.

Жұмыс отырысында туберкулезге қарсы препараттарға жыл сайынғы қажеттілікті анықтау, оларды жыл бойы үздіксіз қамтамасыз ету, өңірдегі ТҚП-ға деген қажеттіліктерді анықтау мен дәрі-дәрмек тұтынуды бағалау жағынан ОДКК төрағаларының  рөлдерін арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстанда емделушілердің сұранысына (бейнебақылау көмегімен емдеу, тікелей бақылау арқылы емдеу) негізделген амбулаториялық жағдайда емдеуге мониторинг жасау, сондай - ақ шағын топтарда туберкулезге қарсы препараттарды есептеудің жетістіктері мен қиындықтары, сезімтал және дәріге төзімді туберкулезді емдеудегі препараттарды тиімді қолдану мәселелері талқыланды. Қатынасушылар әртүрлі ақпараттық жүйелерден (ТНҰР, ДҚАЖ, КМАЖ) ТҚП есептеу үшін ақпаратты болжау, жинау және тексеру тәжірибесімен бөлісті. Жиын соңында туберкулезге қарсы препараттардың айналымы циклінің әрбір кезеңінде туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етуді басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жинақталған хаттама жасалды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)