ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО қызметкерлері Медицина қызметкері күнін атап өтті

19 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынды ҚР ҰФҒО директоры құттықтау сөзімен ашып, ұжым мүшелеріне адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және отандық денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары мен алғыс хаттары, жергілікті атқарушы органдардың марапаттары табысталды.

Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігінің бірі – директор орынбасарларының құттықтаулары енгізілген бейнеролик болды. Онда медицина қызметкерлері мен Орталық ұжымына жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік кештің көркін қыздыра түсті.

20 маусым күні ҚР ҰФҒО ұжымы Медицина қызметкері күнін мерекелеуді Алматы-Арасан шатқалында жалғастырды.

Табиғат аясында өткен мерекелік демалыс барысында қызметкерлер түрлі спорттық ойындар мен командалық жарыстарға қатысып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Іс-шара ұжымдық бірлікті нығайтып, әріптестерге жарқын әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.

Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)