ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматыда туберкулезге қарсы дәрілердің қауіпсіздігін белсенді қадағалаудан тренингтер өткізілді

2023 жылдын  12-14 және  21-23  маусым  аралықтарында  «ҚР туберкулез бағдарламасындағы дәрілер  қауіпсіздігінің  белсенді қадағалаудың өзекті мәселелері»   тақырыбында  Жаһандық  қордың  2023-2025 жылдары  бағдарламасы  аясында тренингтер өткізілді.

Бұл оқуға  облыстық   ОФ/ҚФО ұйымдарының дәрілердің қауіпсіздігін белсенді қадағалаудан    жауапты  мамандары    және ОДКК мүшелері қатынасты.

Бұл тренингтің артықшылығы - ОДКК мүшелері  мен ДҚаБ/аМБЛ мамандарының білімдерін   сезімтал және дәріге тұрақты  туберкулездің  жаңа емдеу режимдерімен таныстыру, туберкулезді инфекцияны анықтау және оны емдеуде  дәрілердін жанама әсерлерін қадағалау, оны ерте байқау шараларын  жетілдіру, ақпараттық жүйелердегі (НРБТ, КМИС)  жаңа есептік формалармен таныстырылып,  BPalM/BPal, ТИ және туберкулезге қарсы дәрілердің  жанама әсерлерінің алдын- алу мәселелері талқыланды.

Оқу  шеңберінде  стационарлық және амбулаториялық емдеуде дәрілердің жанама әсерін неғұрлым ерте анықтауда қосымша ауруларымен (қант диабеті, АИТЖ, вирусты гепатиттер және т.б.) туберкулез дәрілерінің  өзара әрекеттесулерін анықтауды, қашықтан мониторинг және бағалау шараларын жүргізуді практикалық жүйеде үйренді.

Оқу аяқталғаннан кейін қатынасушыларға сертификаттар берілді.


Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)