ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Туберкулёзбен күрес айлығы аясында конференция өтті

2026 жылғы 18 наурызда Нархоз колледжінде туберкулёздің алдын алу және онымен күрес мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара аясында студенттер үшін «Біз туберкулёзді жеңе аламыз!» тақырыбында семинар-дәріс ұйымдастырылды. Негізгі баяндаманы ҚР ДСМ ҰҒФО №2 дәріге төзімді өкпе туберкулёзін емдеу бөлімшесінің дәрігер-фтизиатры Ұлан Макулбаева жасады. Дәріс ашық диалог форматында өтіп, студенттердің талқылауға белсенді қатысуына және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюына мүмкіндік берді. Бұл кездесуді мазмұнды әрі танымдық етті.

Іс-шара соңында қатысушыларға оқытуға арналған анимациялық бейнеролик көрсетілді. Студенттер Кох таяқшасының ашылуы туралы біліп, сондай-ақ туберкулёзді диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістерімен танысты.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)