ҚР ҰФҒО қызметкерлері діни ұйымдармен жұмыс істеді.
ҚР ҰФҒО қызметкерлері Алматы қаласындағы Нұрлытау мешітіне барып, мешіт қызметкерлері мен жамағатына туберкулездің белгілері, оның алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы ақпарат берді. Мешітке келушілерге туберкулез туралы арнайы әзірленген ақпараттық материалдар таратты. Бұл іс-шара Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні қарсаңындағы айлық аясында ұйымдастырылды. ҰФҒО мамандары діни бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мәселен былтыр Алматы қаласындағы барлық мешіт имамдары мен наиб-имамдарына туберкулездің белгілері, жұғу жолдары, оны аныөқтау, алдын алу және емдеу туралы біркүндік семинар ұйымдастырылды.
#EndTB #бізтуберкулездіжеңеаламыз #мыможемпобедитьтуберкулез #всемирныйденьборьбыстуберкулезом2024 #дүниежүзіліктуберкулезбенкүрескүні2024 #WorldTBDay2024