Ғылыми қоғамдастықты ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына тарту туралы хабарландыру
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Оның қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Аталған мәселелерді жан-жақты пысықтау үшін ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғалымдары мен мамандарының қатысуы қажет.
Осыған байланысты ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысы туралы ақпаратты ведомстволық бағынысты және жетекшілік ететін ғылыми және білім беру ұйымдарына, оның ішінде ведомстволық бағынысты бірлестіктердің, холдингтер мен университеттердің құрылымына кіретін ұйымдарға жеткізуді және мүдделі ғалымдар мен мамандарға Комитеттің сарапшылық жұмысына қатысуды ұсынуды сұраймыз.
Ұлттық ғылым академиясынан аталған ақпаратты Академия мүшелері мен өзара іс-қимыл жасалатын ғылыми ұйымдар арасында таратуға жәрдем көрсетуді сұраймыз.
Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Ұсыныстарды дайындау кезінде ұйымдар мен мамандарға нақты мәселені көрсетуді, оны негіздеуді және заңнамаға қажетті өзгерістерді қоса алғанда, оны шешудің ықтимал жолдарын ұсынуды ұсыным ретінде жеткізуді сұраймыз.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Құрылтайдың ресми сайтында «Қызмет» - «Сарапшылық кеңестер» бөлімі қарастырылған. Аталған бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Осы ақпараттың ғылыми ұжымдар арасында, оның ішінде ұйымдардың ақпараттық ресурстарында орналастыру арқылы таратылуын қамтамасыз етуді және 2026 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей ақпарат жеткізілген ұйымдарды көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы Комитетке хабарлауды сұраймыз.
Ғылым саласында негізделген заңнамалық шешімдер әзірлеуге ғылыми қоғамдастықты тарту ісінде қолдау көрсететіндеріңізге сенім білдіреміз.
Қоса берілген құжат: ҚР «Құрылтай» хаты. Хаттың түпнұсқасымен танысу PDF