Парижде өткен Өкпе ауруы жөніндегі халықаралық конференция

Қазақстанның ТБ бағдарламасы 2023 жылы 15-18 қараша аралығында Парижде өткен Өкпе ауруы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР ҰФҒО басшылығы мен мамандары, Астана қ. "КАФ" АҚ ФО директоры, сондай-ақ халықаралық серіктестер (USAID, ГРП ГФ, KNCV, ПВИЗ) болды.
Бұл конференцияның ұраны - дәлелді базаны практикаға айналдыру. Конференция аясында өкпе ауруларын, оның ішінде туберкулезді диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша пленарлық және арнайы сессиялар өткізіледі. Туберкулез бойынша мынадай өзекті тақырыптар қозғалатын болады: дәріге төзімді туберкулезді және емдеудегі сәтсіздіктерді азайтудың негізгі себептері мен жолдары, ДТ ТБ анықтау мен емдеудің жаңа технологиясын енгізу стратегиясы.