ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылдың 14-шілдесі мен 16-тамызы аралығында Жаһандық қордың қолдауымен зертхана мамандары үшін сапа менеджменті жүйесі бойынша тренинг өтті.

Зертханалық қызметтерді нығайтудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – ISO 15189 халықаралық сапа стандартының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу. СМЖ стандарттарын енгізу жоғары сапалы зертханалық диагностикалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жағынан үлкен әлеуетке ие.

Ақтөбе, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы,Астана қалаларындағы бактериологиялық зертхана қызметкерлеріне арналған оқытуды USAID жобасының (ETICA) және Ұлттық референс зертханасының мамандары жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар СМЖ негіздерімен танысты, TB-SLIPTA тәсілін (ТБ зертханасын аккредиттеу жолындағы зертханалық сапа менеджменті жүйесінің үйлестірілген бақылау парағы) пайдалана отырып, ҚР ҰФҒО ҰРЗ базасында аудит жүргізді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)