ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл облысында туберкулез инфекциясы жағдайлары бойынша менеджмент туралы тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен ФПО бастамасымен 2024 жылдың 13 мамыры мен 16 мамыры аралығында Тараз қаласында «Туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингті Егенова Л.П. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО дифференциалды диагностика бөлімінің меңгерушісі), Мұсабекова Г.А. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО жанындағы Жаһандық қордың ЖІАТ бағдарламалық үйлестірушісі), Тіленшиева Г.Р. (аймақтық ТИ үйлестірушісі) секілді сертификатқа ие тренерлер өткізді.

Тренинг барысында ДДСҰ-ның 2035 жылға қарай туберкулезді жою стратегиясының өңірдегі, Қазақстан Республикасында және әлемдегі жаһандық мақсаттары, сонымен қатар ТИ диагностикасы мен емдеудің жаңа тәсілдері туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Қатысушылар аймақта ТИ бойынша іс-шараларын ұйымдастырудағы негізгі сын-қатерлер мен қиындықтарды интерактивті түрде талқылады, сонымен қатар скрининг тексерудің ауқымын одан әрі кеңейту және ТБ жағдайларын профилактикалық емдеуді ұстануды арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын белгіледі.

Облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бөлім меңгерушілері, фтизиатрлар, ревматологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевтер және педиатрлар секілді 49 маманы курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)