ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО ұжымымен 2023 жылғы 17 мамырда Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың өкілі кездесу өткізілді.

 

ҚР ДСМ «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) ұжымымен 2023 жылғы 17 мамырда Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың өкілі Дәурен Русланович Жақсыбековпен кездесу өткізілді.

Орталық директорының орынбасары Ләззат Тасболатовна Ералиева кіріспе сөз сөйледі, ол барлық қатысушыларға алғысын білдірді және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты міндеті қоғамда жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, іскерлік этика кодексі нормаларын сақтау болып табылатынын ескертті.

Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың өкілі Д.Р. Жақсыбеков қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Алматы қаласы бұрынғы мемлекеттік қызметшілерінің, мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті адамдардың парамен ұсталған сәттері көрсетілген бейнеролик көрсетілді.

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)