ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қызылорда қаласында туберкулез инфекциясын бағдарламалық басқару бойынша аймақтық тренинг

2023 жылдың 10-13 қазан аралығында Қызылорда қаласында туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өтті. Бұл тренинг Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылған  өңірлік тренингтердің соңғысы болады.

Тренингті Төлепова Г.Е. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ дәрілік заттар қауіпсіздігіне белсенді мониторинг бойынша кеңесшісі), Жапарқұлова М.А. (ҚР ҰФҒО 3-ӨТБ меңгерушісі), Шажанбаева Ж.Б. (аймақтық ТИ үйлестірушісі) секілді мамандар жүргізді.

Тренингте әлемдегі ТБ/ТИ эпидемиологиялық жағдайы, жоғарғы қауіпі бар топтарындағы ТБ қарсы скрининг алгоритмдері, ТИ-на арналған инновациялық сынақтар, профилактикалық емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі мәселелері, мониторинг және бағалау әдістері қарастырылды. Қорытынды тест нәтижелері қатысушылардың ТИ анықтау, диагностикалау және емдеудегі клиникалық мәселелер бойынша білімінің көтерілгенін байқатты.

Тренинг соңында ОФО, АМСК мекемелерінің, СЭБД басшылары, қала/аудандардың фтизиатрлары мен фтизиопедиатрларынан құралған Қызылорда облысының 52 маманы курстан өткені туралы сертификатқа ие болды.

Барлық қатысушы тренингтің өзектілігін ерекше атап өтіп, алған білімдерін облыстағы жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, терапевттерге және педиатрларға таратуға дайындығын білдірді. 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)