ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылы 13-14 қарашада Парижде туберкулез ауыртпалығы жоғары елдер мен туберкулезді жаһандық бақылау тізіміндегі елдер арасында туберкулезді жою жөніндегі 9-шы стратегиялық саммит өтті.

Аталмыш саммитке ҚР ҰФҒО директоры М.М. Аденов қатысып, "Қазақстанда ұсақ жасушалы өкпе обырын емдеу әдісін пайдалану тәжірибесі" тақырыбында постерлік баяндама жасады.

Саммиттің негізгі мақсаты — БҰҰ-ның 2023 жылғы туберкулез жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесінде мүше мемлекеттер мақұлдаған жаһандық мақсаттарға қол жеткізудегі прогресті жеделдету мақсатында туберкулезге қарсы күрес бойынша ұлттық бағдарламалардың басшыларымен, азаматтық қоғамның нысаналы тобының өкілдерімен және серіктестерімен туберкулезге жауап ретінде жаһандық шараларды жандандыру мүмкіндіктерін талқылау.

Алға қойылған нақты мақсаттар:

1. Туберкулезге қарсы күрестегі жаһандық және ұлттық прогресс туралы соңғы деректер мен негізгі қорытындыларды шығару және қорытындылау;

2. 2023 жылы БҰҰ-ның туберкулез жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесі аясында мемлекет басшылары қабылдаған міндеттемелер бойынша туберкулезді сапалы емдеу мен алдын алуды нығайту және жеделдету мүмкіндіктерін талқылау.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)