ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Рифапентинге негізделген ТБ профилактикалық режимдер енгізу» онлайн-кеңес

Туберкулезді жою стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін ДДСҰ қауіп тобындағы халық арасында профилактикалық скринингті және тиісті емдеуді кеңейтуді ұсынады. Осыған орай, Жаһандық қордың  грантының іс-шаралары аясында “Туберкулез” компоненті бойынша 2024 жылғы 13 ақпанда ҚР ҰФҒО-да елімізде туберкулезді профилактикалық емдеуге инновациялық тәсілдерді енгізу туралы кеңес өтті. Жиынға онлайн-форматта ОДКК төрағалары, ТИ бойынша аймақтық  координаторлар, фтизиопульмонология  орталықтардың дәрі координаторлары, өңірлік АМСК фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары қатысты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеуді жүзеге асыру және туберкулез инфекциясын емдеудің жаңа режимдерін енгізу үшін облыстар бойынша профилактикалық емдеуге арналған туберкулезге қарсы препараттарды бөлу туралы есеп тыңдалды.

Кездесу барысында қатысушылар MD, PhD, ДДСҰ кеңесшісі Э. Гурбановадан, м.ғ.д,, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры А.С. Рақышевадан, м.ғ.к., Қазақстан Республикасының бас фтизиопедиатры Қ.С. Серікбаевадан профилактикалық емнің жаңа және анағұрлым қысқарған режимдерін қолдану бойынша ұсыныстар мен кеңестер алды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)