ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Әріптестер Ғылым күніне орай марапатталды

Кәсіби мереке — Ғылым күніне орай ҚР ҰФҒО қабырғасында ғылыми қызметті дамытуға, ғылыми әлеуетті нығайтуға және инновациялық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Ғылыми жетістіктер – бұл қажырлы еңбектің, үнемі ізденістің және ғылымға адалдықтың нәтижесі. Ғылым жолында еңбегімен үлгі болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, олардың табандылығы мен ізденістері отандық ғылымның дамуына ықпал етеді.

Іс-шара аясында ғылыми жобалармен айналысу, ғылыми мақалалар жариялау жағынан белсенділігімен көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

ҚР ҰФҒО әріптестерін мақтан тұтады және отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Ғылым күні құтты болсын!

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)