ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ӘЗ НАУРЫЗ БАСЫ – АМАЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып». Абай.

Бүгін елімізде Наурызды тойдаудың жаңа форматы – «Наурызнама» онкүндігі басталады. Және ол Көрісу күні, амал мерекесінен басталады.

Қар көбесі сөгілген, күннің нұры төгілген шақта, қыс құрсауынан босаған қазақ көктем туа айлап көрмеген жақындарына барып көрісіп, қауышқан екен. Амандық-саулық сұрауды, туыс іздеуді мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде дәстүрге айналдырған халықпыз.

«Амал» деген не? Парсы мен араб тілдерінде Тоқты шоқжұлдызын "хамал", "гамаль" деп атайды екен. Ал Тоқты шоқжұлдызы осы Наурыз айында ерекше жарқырап туады.

Шығыс астрологиясында циклдың алғашқы жұлдызы ретінде Тоқты эволюцияның басын бейнелейді. Ол сонымен бірге циклдың соңғы белгісі болып келеді, яғни жаңғырудың, қайта туудың нышаны.

Тоқтының символикалық мағынасы көп. Ол өмірге ұрпақ беретін еркек қуатын көрсетеді. Қайырылған екі мүйізі бәрінің қайталанып тұратынын меңзейді. Тоқты - жол бастаушы.

Еркек тоқтыны құрбандыққа шалу секілді діни рәсім де осымен байланысты ма екен деген ой туады. Көне рим, грек аңыздарында «Молшылық мүйізі» дейтін ұғым бар. Бірде ешкінің, бірде бұқаның, ал бірде қошқардың мүйізі ретінде сипатталатын бұл ұғым молшылық, тоқшылықты, мәңгі өмірді білдірген.

Наурызда "Ұлыс оң, ақ мол болсын" дейтін атам қазақтың тілегі де сол көне дәстүрмен үндесіп жатқандай.

Ендеше Амал кірді. Жаңа өмір, жаңа цикл басталды! Жер мен көк жаңарғанда біздің де көңіл жаңарсын! Жақсылығымыз бен жақсы күніміз көп болсын!

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)