Жаһандық қор гранты жобасын іске асыру аясында туберкулез бойынша жоғары қауіп топтарын қолдау мәселесі туберкулез саласындағы ҮЕҰ қызметкерлеріне арналған семинар-тренингте талқыланды
2026 жылғы 12–13 наурызда Алматы қаласында «Тәуекел топтары арасында туберкулез жүктемесін азайтуда ҮЕҰ әлеуетін арттыру: тиімділіктің жаңа индикаторлары» атты семинар-тренинг өтуде. Іс-шара 2026–2028 жылдарға арналған Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша жобасы аясында «шағын» гранттарды іске асыратын үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлеріне арналған.
Екі күн бойы қатысушылар Қазақстан Республикасындағы туберкулез және дәріге төзімді туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған Жаһандық қор грантының мақсаттары мен міндеттерімен танысты. Сонымен қатар қатысушылар туберкулез бен туберкулез инфекциясының алдын алу және анықтау, жобалық іс-шараларды жоспарлау, іске асыру, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша білімдерін жаңартты.
Семинар барысында ҮЕҰ әлеуметтік қызметкерлерінің рөлі мен үлесіне ерекше назар аударылды. Олар жоғары қауіп топтары арасында туберкулез және туберкулез инфекциясы жағдайларын анықтаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ емге бейілділікті күшейтуге бағытталған іс-шараларда маңызды рөл атқарады. Бұл ретте «шағын» ҮЕҰ-ның жаңа белсенділіктері мен индикаторлары ескерілді.
Сонымен қатар, Жаһандық қордың «шағын» гранттарын іске асырып жатқан елдің 13 өңірінен келген ҮЕҰ әлеуметтік қызметкерлері жобаның мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша оң тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, туберкулез және туберкулез инфекциясының белсенді жағдайларын анықтау, байланыста болған адамдарды және жоғары қауіп топтарын тексеру, емді тоқтатқан пациенттерді емге қайта тарту тәжірибелері талқыланды. Сондай-ақ ҮЕҰ-ның аутрич-қызметкерлеріне арналған ынталандыру компонентін енгізудегі қиындықтар қарастырылды.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға елдегі туберкулез жүктемесін төмендетуге қосатын әлеуетін растайтын сертификаттар табысталды.