2023 жылдың 7-шілдесі мен 9-тамызы аралығында Жаһандық қордың қолдауымен зертхана мамандары үшін сапа менеджменті жүйесі бойынша тренинг өтті.
Зертханалық қызметтерді нығайтудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – ISO 15189 халықаралық сапа стандартының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу. СМЖ стандарттарын енгізу жоғары сапалы зертханалық диагностикалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жағынан үлкен әлеуетке ие.
Алматы, Жетісу, Ақмола, Қарағанды (соның ішінде ҚАЖК), Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласындағы бактериологиялық зертхана қызметкерлеріне арналған оқытуды USAID жобасының (ETICA) және Ұлттық референс зертханасының мамандары жүргізді.
Тренинг барысында қатысушылар СМЖ негіздерімен танысты, TB-SLIPTA тәсілін (ТБ зертханасын аккредиттеу жолындағы зертханалық сапа менеджменті жүйесінің үйлестірілген бақылау парағы) пайдалана отырып, ҚР ҰФҒО ҰРЗ базасында аудит жүргізді.