ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Абай облысында АМСК мамандарына туберкулезді жұқтыру жағдайларын басқару бойынша тренинг өтті

2024 жылдың 29 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Абай атындағы денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Семей қаласында «Туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында тренинг өтті.

Бұл тренингтерді өткізудің себебі туберкулездің алдын алу шараларын кеңейту End TB жаһандық стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі болып отыр.

Тренингке облыстағы АМСК мекемелерінен бөлім меңгерушілері, фтизиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевтер және педиатрлар  секілді 50 маман қатысты.

Тренингті Серікбаева Қ.С. (м.ғ.к., ҚР бас штаттан тыс фтизиопедиатры), Райымова Г.Д. (ЖҚ ЖІАТ МжБ маманы), Шмеер Н.А. (аймақтық ТИ үйлестірушісі) секілді сертификатқа ие теренерлер өткізді.  Олар ересектер мен балалардағы туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеудің қазіргі қырларын баяндады.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға ҚР ҰФҒО сертификаттары табыс етілді.

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)