Туберкулезді ерте анықтау — аурудың алдын алудағы маңызды қадам!
Атырау облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының жалпы практика дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу мәселелері бойынша білімін жетілдіруге бағытталған оқыту тренингтері өткізілуде.
Оқыту тақырыбы: «Амбулаториялық жағдайда туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу».
Оқыту екі кезеңде ұйымдастырылды:
2026 жылғы 5–7 қазан — Жылыой аудандық орталық ауруханасының 30 жалпы практика дәрігері оқытудан өтті.
2026 жылғы 8–9 қазан — Атырау қаласындағы емханалардың 17 жалпы практика дәрігері оқытуға қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қатысуымен ұйымдастырылды. Оқытуды орталықтың маманы, жоғары біліктілік санатты фтизиатр дәрігер Гүлжан Эльбрусқызы Төлепова жүргізді.
Тренинг барысында қатысушылар туберкулезге күдікті пациенттерді ерте анықтау, диагностикалық тексерулерді дұрыс ұйымдастыру, қауіп факторларын бағалау, науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру және туберкулездің алдын алу шараларын жүргізу бойынша теориялық білім мен практикалық ұсынымдар алды.
Бұл неліктен маңызды?
Туберкулез неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым уақтылы басталып, аурудың басқа адамдарға таралу қаупі төмендейді.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары туберкулезді ерте анықтау жүйесіндегі алғашқы әрі маңызды буын болып табылады.
Білікті маман — уақтылы қойылған диагноз — тиімді ем — дені сау қоғам!