ТИ анықтау, диагностикасы және емдеу жөнінде Қостанай қаласында тренинг өтті.
2023 жылдың 1 тамызы мен 4 тамызы аралығында Қостанай қаласында туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында тренинг өтті. Қостанай облысының 50 дәрігер маманы осы тренингке қатысты. Қатысушылардың қатарында ОФО, АМСК, ЖИТС орталығы, СЭБД, ҮЕҰ басшылары, қала/аудандардың фтизиатрлары, фтизиопедиатрлары мен жалпы тәжірибелік дәрігерлері болды.
Тренингті Сидоренко О.А. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО Ұлттық оқу орталығы меңгерушісінің орынбасары), Чункаева Д.Д. (м.ғ.м., ТИ бойынша ұлттық кеңесші), Кәкенова А.Д. (ТИ бойынша аймақтық үйлестіруші, облыстың штаттан тыс бас фтизиопедиатры) секілді сертификатталған бапкерлер өткізді.
Қатысушылар әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы ТИ проблемалары туралы соңғы мәліметтермен, сондай-ақ ТИ анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша ДДСҰ және ҚР ҰҚА ұсынымдарымен танысты. Тәжірибелік жаттығулар барысында ТБ/ТИ бойынша жетістіктер мен қиындықтарға SWOT талдау жүргізілді, Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның бағдарламалық индикаторларына қол жеткізу үшін облыстағы туберкулезге қарсы іс-шараларды жақсарту жоспарлары белгіленді.