Ақтөбе облысында туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша ТБ бағдарламаның негізгі әріптестеріне арналған тренингтер өтті.
2023 жылдың 31-шілдесі мен 3-тамыз аралығында Ақтөбе қаласында туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық жүргізу аясында 2 тренинг өтті. Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті грант жобасы аясында ТБ саласындағы ҮЕҰ өкілдері және АМСК басшыларына арналған біркүндік және АМСК, ОФО, АИТВ алдын алу Орталығының фтизиатрлары мен фтизиопедиатрларына, Оспанов атындағы БҚМУ фтизиопульмонология кафедрасының өкілдеріне арналған үшкүндік тренинг ұйымдастырылды. Барлығы 52 адам ҚР ҰФҒО-дан оқудан өткені туралы сертификат алды.
Оқу барысын Нәжмиден А.Р. (ҚР ҰФҒО облыс кураторы, МжБ ұлттық тобының маманы,), Мұсабекова Г.Ә. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ ТБ бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі), Әділшченова Г.К. (ОФО, ТБ бойынша облыстық үйлестіруші, МжБ облыстық тобының жетекшісі) секілді сертификатқа ие білікті мамандар жүргізді.
Тренинг барысында қатысушылар ТБИ жағдайында ұйымдастыру мен басқарудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастарға, практикалық жаттығуларға, SWOT талдауларына белсенді қатысты, дәлелдемелік базамен, нормативтік құқықтық актілермен және әлемдегі ТБИ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және ТБ бойынша есепке алу және есеп беру саласында туберкулез науқастарының ұлттық регистріндегі соңғы жаңалықтармен танысты.