2024 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында «2023 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру» республикалық үйлестіру кеңесінің 1-күні өтуде.
Үйлестіру кеңесінің мақсаты – бағдарламаның Ұлттық ТБ тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау» және «END TB» стратегиясын ескере отырып, басым мәселелерді шешу жөніндегі шараларды жоспарлау.
Кеңеске қатысушылар – ҚР ДСМ; ҚР ҰФҒО (әкімшілік, бөлімше басшылары, ЖҚ ЖІТ мамандары); бірінші басшылар, өңірлердің ОФП ОДКК, төрағалары; ТБ саласындағы ҮЕҰ үйлестірушілері; ҰТБ ұлттық және сыртқы консультанттары, ҰТБ, ЕҮК, ҚЖА халықаралық және ұлттық серіктестері.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы Чырын Жабыққызы Қосыбаева құттықтау сөз сөйледі.
Кеңеске қатысушылар туберкулезге қарсы іс-шаралардың өзекті аспектілері мен сын-қатерлері бойынша өңірлік есептер дайындады.
Түстен кейін барлық қатысушылар жұмыс топтарында жұмысын жалғастырады, онда ТБ өзекті мәселелері талқыланады:
1)ТБ іс-шаралар менеджментінің заманауи өзекті аспектілері және Қазақстанның фтизиопульмонологиялық қызметі .
2)ТБ, ДТ ТБ анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігі.
3)END ТВ стратегиясы шеңберінде «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» серіктестігін дамыту.