ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2025 ж. 7 сәуірінде Астанада ДДСҰ Орталық Азияның бес мемлекетімен серіктестікте «Туберкулезден азат Орталық Азия» бастамасын ресми түрде іске қосты. Бастаманың мақсаты - 2030 жылға қарай осы елдерде туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді түрлерін қоса алғанда, барлық түрін жоюды жеделдету.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның  денсаулық сақтау министрлері мен жоғары лауазымды ресми тұлғалары осы мақсатқа жету үшін ДДСҰ-мен, «СТОП ТБ» Серіктестігімен, Жаһандық қормен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастықты күшейту және өзара тығыз іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттемелерін растап, Астанада декларацияға қол қойды.

Бұл бастама елдердің туберкулезбен күресте іс-қимылын үйлестіруге, емдеу режимдерінің мерзімін қысқартуға және инновациялық вакциналарды қолдануды жеделдетуге ықпал етеді. Бұл іс-шаралардың барлығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне біріктірілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Анри Клюге атап өткендей: "Бұл Орталық Азияда туберкулезбен күрестегі бетбұрыс, қол жеткен табыстарды нығайтып, медицинаның ғажайып жетістіктерін пайдалануымыз керек. Бұл маңызды субөңірлік бастама ДДСҰ-ның Еуропалық аймағындағы және туберкулезбен ауырудың жоғары көрсеткіштерімен немесе ауыртпалығымен бетпе-бет келген басқа елдер үшін үлгі болады."

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)