7 сәуірде ҚР ҰФҒО директоры М.Әденов бастаған Орталық қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеуге және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің V кеңесіне арналған «Walk the Talk» бұқаралық жүгіруіне қатысты.

Елорданың Ботаникалық бағында «Сөзден іске/«Walk the Talк» ұранымен ұйымдастырылған қысқа қашықтыққа жүгіру іс-шарасына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, ЕуроДДСҰ аймақтық директоры, ғалымдар, дәрігерлер, студенттер және барлық ниет білдірген азаматтар қатысты.
Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттаумен тығыз байланысты. 2022 жылғы дерек бойынша ересек тұрғындардың тек 18%-ы дене шынықтыруға аптасына 150 минуттан астам уақыт жұмсайды. Жұқпалы емес ауруларды азайту үшін салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті ұстану және алкоголь мен темекі өнімдерін тұтыну сияқты зиян әдеттерден арылу маңызды.
ДДСҰ 2025 жылды Ана мен сәбидің денсаулығын сақтау жылы деп жариялайды. «Салауатты өмірдің бастауы – жақсы болашақ» тақырыбы аясындағы науқан үкіметтер мен қоғамның күшін алдын алуға болатын ана мен бала өлімін тоқтатуға және жалпы әйел денсаулығын сақтау шараларын күшейтуге шақырады.