ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматыда «КДТ ТБ емдеудің жаңа, қысқартылған режимдері туралы жоғары сапалы дәлелдер» атты конференция өтті

2024 жылдың 5 маусымында Алматыда онлайн және офлайн форматта endTB клиникалық зерттеуінің (Мультирезистентті туберкулезді емдеуге арналған жаңадан бекітілген дәрілерді бағалау) аяқталуына орай нәтижесін жария еткен халықаралық қатысумен конференция өтті.  Зерттеуді оған демеушілік көрсеткен «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық тәуелсіз гуманитарлық медициналық ұйымының (Франция) агенті ретінде істейтін Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық жолындағы серіктестер» үкіметтік емес ұйымының өкілдігі жүргізді.

Конференцияның мақсаты клиникалық сынақ нәтижелерінің практикалық мәнін және Қазақстандағы туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама аясында endTB емдеу режимдерін қолдану мүмкіндіктерін талқылау болды.

Қазақстанда 2017 жылдан бастап 2023 жылдың маусымына дейін жүргізілген endTB клиникалық зерттеуі көпелдік, көпорталықты, рандомды, бақыланатын, ашық, тиімділігі III фазадан төмен емес сынақ қатарына жатады. Конференцияда бес жаңа, қысқа, тоғыз айлық, тиімді және қауіпсіз емдеу режимін, оның ішінде бедаквилин мен деламанидтің жаңа дәрілерін зерттеудің нәтижелері ұсынылды. Олардың тиімділігі дәстүрлі ұзақ мерзімді 20 айлық емдеу режимімен салыстырылды.

Конференцияға  ҚР денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Алмагүл Кауышева, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ұлықбек Медеубеков, ҚР ДСМ ҰФҒО директоры Мәлік Әденов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биоэтика орталығының директоры Ғайнел Ұсатаева,  «Денсаулық үшін серіктестер»  endTB жобасының тең жетекшісі, Гарвард медицина мектебінің профессоры Майкл Рич, ҚР ҰФҒО қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Сондай-ақ конференцияға  онлайн форматта Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері  Маргарита Граф, ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының жұқпалы аурулар бірлескен бөлімінің ТБ және ДТ ТБ бойынша аймақтық кеңесшісі Асқар Еділбаев, Қазақстанның 19 облыстық және қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының қызметкерлері және АМСК фтизиатрлары қатысты.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)