ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Әйелдер туралы баяндаймыз – Бісмілда В.Л.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының дамуына өмірін арнаған әйелдер туралы баяндаймыз.

Бісмілда Венера Лазарьқызы – биология ғылымдарының кандидаты, микробиология және туберкулездің бактериологиялық диагностикасы саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультетін «микробиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР ҒА Микробиология және вирусология институтында бастап, 1989 жылдан бері еліміздің туберкулезге қарсы қызметі жүйесінде еңбек етіп келеді.

35 жылдан астам уақыт бойы Венера Лазарьқызы Қазақстанда туберкулездің зертханалық диагностикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Ол – ұлттық тренер-супервайзер, республика бойынша дәрігер-лаборанттар мен зертхана мамандарына бактериологиялық диагностиканың заманауи әдістері бойынша білім беріп, тәжірибесімен бөліседі. Германия, Франция және Оңтүстік Кореяда кәсіби даярлықтан және тағылымдамадан өтіп, туберкулезді анықтаудың молекулалық-генетикалық әдістерін меңгерген.

Әр жылдары Ұлттық референс-бактериологиялық зертхананы басқарған, зертханалық диагностика мәселелеріне арналған республикалық және халықаралық семинарларға белсенді қатысқан. Қазіргі уақытта ел бойынша туберкулезді зерттеудің микроскопиялық және бактериологиялық әдістерінің сапасын сырттай бағалау жұмыстарымен айналысады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, «Шапағат» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Осындай мамандар – мықты денсаулық сақтау жүйесінің негізі әрі өз ісіне адалдықтың айқын үлгісі.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)