МСАК желісінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша семинар-тренинг
ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы өңірлердегі фтизиопульмонологиялық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету және медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өңірлерде екі күндік семинар-тренингтер өткізуде.
Кезекті семинар-тренинг «МСАК желісінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау, алдын алу және емдеу» тақырыбына арналды. Оқытуға Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның 40 дәрігері қатысты.
Семинар барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар туберкулезді анықтаудың заманауи тәсілдері, емдеу қағидаттары және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру бағыттары бойынша білімдерін толықтырды.
Сонымен қатар медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл, пациенттерді уақтылы бағыттау және туберкулезге қарсы көмектің сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар-тренинг барысында мамандар тәжірибе алмасып, медициналық көмек көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жүйелі түрде жетілдіруге, туберкулезді ерте кезеңде анықтауға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.