«ҚФҚ» ҮЕҰ жүзеге асыратын 2024-2025 жылдарға арналған Стоп ТБ/UNOPS Жаһандық серіктестігінің жаңа гранты аясындағы алғашқы іс-шара өтті.
5 шілде 2024 ж. Жезқазған қаласында алғаш рет «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту және Ұлытау өңірінде туберкулез ауыртпалығын төмендетуге азаматтық қоғамдастықтың қатысуын күшейту бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Өңірдегі ТБ бойынша мәселелерде шешім қабылдаушы тұлғалардың қатысуымен онлайн және офлайн форматта өткен адвокациялық кездесуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1195 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының 47-тармағына сәйкес және сондай-ақ Стоп ТБ TB серіктестігінің гранты аясында «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ, облыстық ДСБ және Ұлытау ОФО ұйымдастырды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары А. Ыдырысов, Ұлытау облысы облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шыңғысов, ҚР ҰФҒО директоры М.Әденов, СТБҰС төрағасы, профессор Ш.Исмайылов, облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ өкілдері, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық фтизиопульмонология орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, психикалық денсаулық орталығы, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, жергілікті «Дара жүрек» ҚҚ, «Ақ Қанат» ҚҚ, «Асыл тас» ҚҚ, «Денсаулық кілті» ҚҚ, «Үміт аралы» ҚҚ секілді ҮЕҰ басшылары қатысты.
Алвокациялық кеңеске қатысушылардың назарына туберкулезбен ауырған науқастың сәтті емделу тарихы ұсынылды. Ол өзінің емделген тәжірибесін ортаға салып, туберкулезді емдеу кезінде психоәлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы туралы ойын айтты.
Сондай ақ облыстың «Қазақстандағы Стоп ТБ» Ұлттық серіктестігіне қосылуға ниетінің маңыздылығы, туберкулез саласындағы ҮЕҰ-ның болуы және оны жергілікті бюджеттен қаржыландырудың қажеттігі талқыланды.