Даму жолдарының жаңа бағдарларын талқылап, айқындаймыз: «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл»
Бүгін ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұжымы жұмыс кездесуі барысында республикалық «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласын (https://kazpravda.kz/n/sem-let-uverennogo-sozidatelnogo-liderstva/) талқылады.
Іс-шара барысында ҚР ҰФҒО директоры Малик Аденов және стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Алмагүл Кауышева қызметкерлерді мақаладағы негізгі тұжырымдармен және Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен таныстырды.
Өз сөзінде Алмагүл Амангелдіқызы көтерілген бастамалардың маңыздылығын және олардың денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуына ықпалын атап өтті. Сонымен қатар, медициналық мамандардың кәсіби өсуінің және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақалада өткен кезеңнің басты қорытындысы, яғни дағдарысқа қарсы басқарудан жүйелі әрі стратегиялық тұрғыдан ойластырылған мемлекеттік даму кезеңіне өту көрсетілген. Бұл үдеріс Касым-Жомарт Токаевтың басшылығымен жүзеге асырылып келеді.
Мақалада әлеуметтік саланы жаңғыртуға, экономиканы нығайтуға, адам капиталына инвестиция салуға және ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Соңғы жылдары денсаулық сақтау инфрақұрылымы айтарлықтай жаңартылды: жүздеген медициналық нысан салынды және жаңғыртылды, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі күшейтілді, саланың кадрлық әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін берік негіз қалыптастыруда.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының қатарында адам капиталын дамыту, білім беру, ғылым және инновацияларды қолдау аталады. Соңғы жылдары білім мен ғылым саласын қаржыландыру бес еседен астамға, ал денсаулық сақтау саласын қаржыландыру шамамен төрт есеге ұлғайды.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылған. Оның ішінде ауыл медицинаcын жаңғырту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту және медициналық ұйымдар желісін кеңейту мәселелері бар. Бүгінде елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті.

Ғылым мен білім саласын дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінуде: 1300-ден астам жаңа мектеп салынды, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, ғылым мен өндірістің ықпалдастығы күшейтіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қызметі қолдау табуда.
Осылайша, соңғы жылдары жүргізілген жүйелі реформалар мамандандырылған медициналық көмектің тұрақты дамуына қолайлы институционалдық орта қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасының фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы трансформациялардың логикасын ұстана келе: халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатында ғылым, клиникалық тәжірибе және мемлекеттік стратегияны біріктіруде.
Кездесу конструктивті өтті.