ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарына арналған туберкулез инфекциясы бар жағдайлардың менеджменті бойынша тренинг өтті.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы және ШҚО ФПО бастамасымен және ҚР ҰФҒО қолдауымен ЖҚ «Туберкулез» компоненті бойынша гранттық іс-шаралары аясында 2024 жылдың 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Өскемен қаласында «Туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингке облыстағы АМСК ұйымдарының 50 маманы: бөлімше меңгерушілері, фтизиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевтер және педиатрлар қатысты.

Тренингті Чункаева Д.Д. (ТИ бойынша ұлттық кеңесші), Райымова Г.Д. (ЖҚ ЖІАТ МжБ маманы) секілді сертификатталған тренерлер жүргізді.

Тренинг қатысушыларға туберкулездің жоғарғы қауіпі бар тобына жататын адамдардар арасында ТИ анықтау, диагностикалау және емдеуде медициналық көмек көрсету алгоритмын терең меңгеруін көмектесті. Мамандар тәжірибе алмасып, заманауи талаптарды ескере отырып, ТБ/ТИ бағдарламасының индикаторларына қол жеткізу үшін мекеме деңгейінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, әріптестерін дәйекті оқытуға дайын екендіктерін білдірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)