ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Астана және Ақтөбе қалаларындағы фтизиопульмонология орталықтарының бактериологиялық зертханаларында сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жыл сайынғы аудит жүргізіледі.

2023 жылғы 31 шілдеден 5 тамызға дейін Астана және Ақтөбе қалаларындағы фтизиопульмонология орталықтарының бактериологиялық зертханаларында USAID-тың Орталық Азияда туберкулезді жою жөніндегі (ETICA) жобасының және ҚР ҰФҒО ұлттық референс зертханасының қолдауымен сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жыл сайынғы аудит жүргізіледі.

Зертханалық қызметті нығайтудың ең жақсы әдістерінің бірі – ISO 15189 халықаралық сапа стандартының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу. СМЖ стандарттарын енгізу жоғары сапалы зертханалық диагностикалық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша үлкен әлеуетке ие. 2022 жылдан бастап Астана және Ақтөбе қалаларының фтизиопульмонология орталықтарының екі өңірлік туберкулезге қарсы зертханаларында USAID жобасы аясында сапа менеджменті жүйесін енгізу басталды.

Аудит USAID жобасы және ҚР ҰФҒО ұлттық референс зертханасы мамандарының қатысуымен TB-SLIPTA (ТБ зертханаға арналған аккредиттеу жолындағы зертхананың сапа менеджменті жүйесінің үйлестірілген тексеру-парағы) тәсілін пайдалана отырып жүргізілді. Тұрақты аудиттердің мақсаты зертханада СМЖ енгізу барысын бағалау, жұмыс орнында мамандарды оқыту, зертхананы сапа менеджменті жүйесінің барлық негізгі элементтерін енгізуге дайындау болып табылады.

Сондай-ақ, аудит кезінде Астана және Ақтөбе фтизиопульмонологиялық орталығының бактериологиялық зертханаларына дәріге төзімділікті анықтайтын тесттер бойынша, оның ішінде жаңа және қайта бейінді дәрілер бойынша сапаны сырттай бағалаудың сәтті өткенін растайтын  сертификаттар табысталды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)