ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылдың 2 қарашасында «Туберкулезді жою» стратегиясы аясында іс-шараларды ұйымдастыру әлеуетін арттыру» республикалық оқу семинары басталды.

2023 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру және ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Туберкулезді жою» стратегиясы аясында іс-шараларды ұйымдастыру әлеуетін арттыру» республикалық семинары басталды.

Семинарға ҚР ДСМ өкілдері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары және барлық облыстың денсаулық сақтау басқармалары мен фтизиопульмонологиялық орталықтарының басшылары, халықаралық серіктестер (KNCV, ДҮС), «Қазақстан фтизиопульмонологтар қауымдастығы» ҚБ басшылығы, туберкулезге қарсы бағдарламаның ұлттық кеңесшілері.

Семинардың негізгі мақсаты – 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «END TB» стратегиясының басым көрсеткіштері мен Жол картасының индикаторларын ескере отырып, туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру.

Семинарда ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Дүйсенов Азамат Қинаятұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол бүгінде ДДСҰ ұсынған туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерінің арқасында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану мен аурудан болатын өлім-жітім деңгейінің ұзақ уақыт тұрақты түрде төмендеп келе жатқаны байқалғанын атап өтті. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 34,9 құрады, 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауыру (37,2) 6,1%-ға төмендеді, өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 1,2 құрап, 20-%ға азайды. (2022 ж. – 1,4).

Сын-қатер тобын дұрыс қалыптастыру, дер кезінде тексерілу, туберкулез инфекциясын емдеу, сондай-ақ фтизиатриялық қызметтің кадрлық әлеуетін күшейту сияқты туберкулездің алдын алу мәселелеріне баса назар аударды.

ҚР ҰФҒО директоры Әденов Мәлік Молдабекұлы 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндама жасап, 2023 жылға арналған негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді, профилактикалық емдеу, туберкулезді ерте анықтаудың маңыздылығын, халықтың осал топтары арасында туберкулезді анықтау жағынан ҮЕҰ-мен бірлесіп әрекет етудің өзектілігін атап өтті.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы, Жаһандық қордың ЖІАТ менеджері Исмаилов Шахимұрат Шайымұлы Қазақстанда STOP TB Ұлттық әріптестігін дамытудың қажеттігі, Әріптестіктің мақсаттары мен міндеттері жайлы, осы саладағы ҮЕҰ-ға тұрақты қолдау көрсетудің маңызы мен Қазақстан Республикасында туберкулез ауыртпалығын төмендетудегі азаматтық қоғамның рөлі туралы егжей-тегжей сөз қозғады. Сондай-ақ, 2035 жылға дейін END TB стратегиясының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекет басшылары қабылдаған міндеттемелерге тағы мәрте баса назар аударылды.

Семинарда туберкулезден емделуге деген ұстанымды анықтау және оны жақсартуды ұйымдастырудағы АМСК рөлі, сондай-ақ Қазақстанның аймақтарындағы туберкулезге қарсы бағдарламаның зертханалық компонентін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі үздік тәжірибелерін енгізу және оны кеңінен тарату, АМСК деңгейінде белсенді туберкулезді, туберкулез инфекциясын анықтау бойынша іс-шаралар және халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін ҮЕҰ-мен өзара әрекет ету  мәселелері көтерілді.

Семинар аясында топтарда ДДСҰ-ның туберкулез эпидемиясын жою стратегиясын іске асыру мақсатында туберкулезге қарсы іс-шараларды жетілдіруді көздейтін өзекті мәселелер талқыға түсіп, тиісті іс-әрекеттер әзірленіп, пысықталады.

Медициналық көмектің барлық деңгейінде туберкулездің алдын алу және оны емдеу жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыру арқылы ҚР аумағында туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейін нөл дәрежесіне жеткізу бойынша ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)