ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО директоры Малик Аденов ТМД елдері мамандарының II халықаралық конгресінің пленарлық отырысына қатысуда

ТМД елдері мамандарының «ТМД елдерінің респираторлық медицинасы: назарда – әлеуметтік маңызы бар инфекциялар» тақырыбындағы II халықаралық конгресі аясында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Малик Молдабекұлы Аденов пленарлық отырыстың жұмысына қатысуда.

Конгресс денсаулық сақтау органдарының басшыларын, жетекші ғалымдарды, сарапшыларды және халықаралық серіктестерді әлеуметтік маңызы бар респираторлық инфекциялармен күрестің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында біріктірді.

Ғылыми бағдарлама барысында саладағы жетекші мамандар ТМД елдерінің әлеуметтік маңызы бар респираторлық инфекциялармен күрестегі үздік тәжірибелерін таныстыруда. Аталған тәжірибелер мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық шешімдерден бастап, оларды ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінде іс жүзінде енгізуге дейінгі барлық бағыттарды қамтиды.

Сондай-ақ респираторлық медицинаны дамытудағы ғылымның және іргелі зерттеулердің рөліне ерекше назар аударылуда. Өйткені дәл осы ғылыми негіздер тиімді медициналық шешімдерді әзірлеудің басты алғышарты болып табылады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)