ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг және бағалау

2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары Глобалдық қор жобасын іске асыру тобының қатысуымен туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг және бағалау жүргізді.

Сапар аясында денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу өтіп, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын, стационарларды, туберкулезге қарсы қызметтерді, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін және әлеуметтік сектор ұйымдарын қамтитын медициналық ұйымдарға кешенді мониторинг жүргізілді. Пациенттерге кеңес беріліп, хирургиялық емдеуге іріктеу жүргізілді және негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерге талдау жасалды.

2026 жылғы 3 сәуірде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары И.М. Глазебнаяның төрағалығымен онлайн және офлайн форматта қорытынды кеңес өтті. Кеңеске ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М.Аденов, медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ҰФҒО және Жаһандық қор грантын іске асыру тобы мамандары қатысты. Эпидемиологиялық көрсеткіштердің өсу қаупі, мақсатты индикаторларға қол жеткізудегі проблемалық мәселелер талқыланып, оларды төмендету бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сапар барысында ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, жұмыс орындарында оқыту және клиникалық жағдайларды талдау жүргізілді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)