ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл облысында жасанды интеллектті қолдана отырып, компьютерлік диагностиканы енгізуге дайындық.

Жасанды интеллект (ЖИ) қолданатын компьютерлік диагностиканы енгізуге дайындық іс-шаралары аясында плиот өңірлердің бірі – Жамбыл облысына компьютерлік бағдарламалар әзірлеумен айналысатын Qure.ai компаниясының мамандарынан және Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша өкілдерінен тұратын топ барды.

Тараз қаласында облыстық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Сержан Сәрсенбекұлы Назарбекпен кездесу өтті. Іс-шара өңірдің медицина мекемелері және өзге де пилоттық аймақ өкілдерінің қатысуымен онлайн және офлайн форматта өтті.

Кездесудің басты мақсаты кеуде қуысы органдарын рентген әдісімен тексеру  нәтижелерін талдауға қолданылатын ЖИ мүмкіндіктерімен таныстыру және медицина мекмелерінің аталған технологияны енгізуге, пайдалануға дайындығын бағалау болды.

Жиынға қатысушылар сонымен қатар туюберкудезді ерте анықтаудың тиімділігін көтеруге бағытталған пилот жобамен байланысты ұйымдастыру мәселелерін және жобаны одан әрі жүзеге асыру жолдарын  талқылады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)