ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін белсенді бақылау бойынша тренинг.

2024 жылдың 1-2 қазанында Алматы қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 жобасын іске асыру шеңберінде «ҚР БМСК фтизиатрының тәжірибесіндегі ТҚДҚбҚ»  тақырыбында тренинг өтуде.

Қатысушылар: Облыстық фтизиопульмонология орталықтарының орталықтандырылған   дәрігерлік - кеңестік комиссия  төрағалары/мүшелері,      ҚжБ жетекшілері, ТҚДҚбҚ  бойынша бұрын оқудан өтпеген бастапқы  медициналық-санитарлық көмек желісінің фтизиатрлары.

Бұл тренинг дәріге төзімді  туберкулездің түрлерін, жаңа қысқа режимдермен емдеу кезінде туберкулезге қарсы препараттардың қауіпсіздігін белсенді бақылаудың өзекті мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар қатысушыларды туберкулез инфекциясын емдеудің жаңа қысқаша түрлерімен, жиі жағымсыз әсерлерімен таныстырады. Әрбір фтизиатр, фтизиопедиатрдың  тәжірибеде кездесуі мүмкін дәрілерге жанама жағдайлардың алдын алу жолдарын дер кезінде анықтауды үйретеді.   Тренингтің бірінші күні қатысушылар келеңсіз жағдайларды анықтау және алдын алу бойынша білімдерін тексереді.

Тренерлер: Ш. Исмаилов – Жаһандық қор гранты  менеджері; Тулепова Г.Э. – ЖҚ грантының  ТҚДҚбҚ жөніндегі кеңесші; Абубакиров А.Я. – Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық серіктестері»  маманы; Алгазиева Г.Д. – ҰФҒО  ҚжБ  тобының жетекшісі.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)