ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс кестесіне сәйкес Ақтөбе облысына мониторинг сапары жасалды.

Мониторингтің мақсаты – облыстағы медицина мекемелеріне туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын арттыру үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.

Мониторинг барысында ҚР ҰФҒО мамандары:

  • Ақтөбе қаласындағы АМСК мекемелеріне;
  • Аудандық емханалар/ауруханаларға;
  • АИТВ-ның алдын алу Орталығына;
  • Облыстық перинаталдық орталыққа;
  • ТА, ҚАЖ мекемелеріне барды.

Мониторинг нәтижелері бойынша 28 шілдеде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.О.Ізбасаровтың және облыстың медицина мекемелері басшыларының қатысуымен кеңес өткізіліп, анықталған проблемалар талқыланып, жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)