ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЕуроДДСҰ Миссиясы Қазақстандағы жұмысын аяқтады

ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының Жасыл жарық Комиеті (rGLC) арқылы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының Миссиясы Қазақстандағы жұмысын аяқтады.  3 күнде Миссия Ұлттық туберкулез бағдарламасын басқарудың түрлі аспектілерін бағалау мақсатында Қазақстанның кей өңірлерін аралады.

1-желтоқсанда Миссия мүшелері – ЕвроДДСҰ медицина маманы доктор Ogtay Gozalov, доктор Kai Blondal, GDF аймақтық техникалық кеңесшісі Мавлюда Махмудова және rGLC/Европа кеңесшісі Ruzilya Usmanova ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденовпен және орталықтың басшылық құрамымен кездесті.

Миссия мүшелері негізгі ұсыныстар бойынша алдын ала есеп жасады. Еуропалық ДДСҰ мамандары Қазақстан Республикасы үкіметінің туберкулезге қарсы күрестегі айнымас саяси табандылығын атап өтті, бұл қабылданған заңнамалық база мен қаржыландырудың мысалынан айқын байқалатынына тоқталды. Үкіметтің Қазақстан Республикасында фтизиопульмонологиялық қызметті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітіп, жүзеге асыруын құптады. EndTB стратегиясының мақсаттарына жету үшін туберкулезге қарсы күрес бағдарламаларын кеңейтуді қолдайтын халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты оң бағалады.

Халықаралық сарапшылар сонымен бірге туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.

ЕуроДДСҰ Миссиясы ҚР ҰФҒО басшылығына, сондай ақ Қазақстан республикасының туберкулезге қарсы Ұлттық қызметінің басқа да өкілдеріне Миссияның жұмысына көмектескені және ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)